Брюссельде Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты концерт өтті
Брюссель, 2026 жылғы 3 шілде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде «DOMBRAssassadors» ансамблінің салтанатты концерті өтті. Шараға елшілік қызметкерлері, отандастар, студенттер және Бельгияның дос азаматтары қатысты.
Ансамбль «Ерке сылқым», «Әлқисса», «Ата толғауы», «Балбырауын» және «Сұлу қыз» сияқты қазақ музыкалық мұрасының алтын қорына енген шығармаларды орындады. Концерттің ерекше сәті — домбыра, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, қобыз және дәуылпаз сияқты ұлттық аспаптардың гобой, скрипка және аккордеон сияқты еуропалық аспаптармен үндесуі болды.
Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко: «Домбыра — халқымыздың жаны, оның бойында тарихымыз бен ұлттық болмысымыз жатыр. Музыка шекара таңдамайды, домбыра әуені арқылы біз мәдени мұрамызды еуропалық жұртшылықпен бөлісеміз», — деп атап өтті.
Айта кетейік, биыл Бельгияда екі Қазақ мәдени орталығы ашылды. Олар диаспора өкілдеріне ана тілін, домбыра тартуды және ұлттық билерді үйренуге мүмкіндік береді.