Balapan TV
Сипаттама
«Balapan» телеарнасы — «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына кіретін, 2010 жылы 27 қыркүйекте ашылған еліміздегі балаларға арналған тұңғыш әрі ең ірі телеарна. Арна 8 жасқа дейінгі көрермендерге арнап 07:00–22:00 аралығында тек қана қазақ тілінде хабар таратады. 2022 жылдан бастап Қырғызстан, ал 2024 жылдан бері Моңғолия аумағында халықаралық деңгейде таралып келеді.
Арнаның YouTube платформасында 2,5 миллионға жуық жазылушысы мен 1,1 миллиардтан астам жалпы қаралымы бар. 2017 жылы YouTube-тің «Күміс», ал 2021 жылы «Алтын» батырмасын иеленді. Сонымен қатар «Күлегеш» және «Дәрігер Дана» жобалары үшін «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты (2017, 2023 жж.), 2024 жылы «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының иегері атанды. 2025 жылы балалар контентін дамытуға қосқан үлесі үшін арна ұжымы ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
Ресми сілтемелер:
- Веб-сайт: balapan.tv
- YouTube: @balapantv
- Facebook: balapantv
- Instagram: balapantv
- Telegram: balapantv
- VKontakte: balapantvkz