Ат спорты
Бәйге
Бәйге — қазақ халқының ең көне әрі кең таралған ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Бұл шабандоздардың жылдамдығын, шыдамдылығын және атты баптау шеберлігін сынайтын үлкен жарыс.
Бәйгенің тарихы мен мәдени маңызы
Бәйге — көшпенділер өмірінің ажырамас бөлігі. Ертеден бері үлкен ас, той және ұлттық мерекелерде бәйге ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілген. Бұл спорт түрі тек шапшаңдықты емес, жүйрік атты таңдай білу мен баптау өнерін көрсетеді.
Бәйгенің негізгі түрлері
- Аламан бәйге: Өте ұзақ қашықтыққа (20-дан 50 шақырымға дейін) өтетін жарыс. Мұнда аттың шыдамдылығы мен бабы басты рөл атқарады.
- Кұнан бәйге: екі жасар аттардың (құнандардың) қысқа немесе орташа қашықтықтағы (11-15 км) жарысы.
- Жорға жарыс: Аттың ерекше жүрісін (жорғалауын) сынайтын сайыс. Ат шаппай, белгілі бір ырғақты жүрісті сақтауы тиіс.
Бүгінгі таңда бәйге халықаралық деңгейде өткізіліп, ұлттық спорттың өркендеуіне зор үлес қосуда.